Оңтүстік және Солтүстік Корея ортақ хоккей командасын құрды
Солтүстік және Оңтүстік Кореялар Пхенчхандағы қысқы олимпиада үшін ортақ бір хоккей командасын құру туралы келісті. Жарыстың ашылу салтанатында екі елдің спортшылары бір тудың астында жүріп өтпек. Associated Press ақпарат агенттігі ортақ туда Корей түбегі бейнеленетінін жазды.
Келісімді Халықаралық олимпиада комитеті мақұлдауы қажет. Шешім алдағы демалыста шығуы мүмкін. Бұдан бұрын Солтүстік Корея Олимпиадаға 140 адамнан тұратын оркестр жіберетінін мәлімдеген. Оркестр Сеул мен Ганьнун қалаларында өнер көрсетпек. Бұл жайында екі ел шекарадағы Пханмунджом елді мекеніндегі келіссөзде мәміле жасаған. Қаңтардың 9-ында Сеул мен Пхеньян өкілдері Пханмунджом елдімекенінде келіссөз өткізген. Жиында Солтүстік Корея ақпанда өтетін олимпиадаға спортшыларын, жанкүйерлері мен жоғары лауазымды шенеуніктерін жіберетінін мәлімдеген.