» » Күзде көруге арналған 5 фильм

Күзде көруге арналған 5 фильм

Күз. Кофе. Кино. Осындай әдемі картинаны үйде орнатуға тек уақыт таба білсеңіз жеткілікті. Себебі бұл мезгіл суықтығына қарамастан, көңілге ерекше жылылық сыйлайды. Бүгін назарларыңызға жаныңызды жадыратып, әсерлі сезімге бөлейтін 5 фильмді ұсынамыз.

Нью-Йорктегі күз, 2000 жыл. Күзгі жапырақпен көмкерілген орталық саябақ, нью-йорктік көшелер картинаға керемет әсер қосады. Нью-Йоркте мейрамханасы бар бас кейіпкердің өмірін түбегейлі өзгерткен  Шарлотта көрерменін тіпті жалықтырмайды.
Шынайы өтірік (True Lies). Құпияға толы фильмде Арнольд Шварценеггер жасырын агенттің рөлін сомдайды. Тіпті әйелі де оны қарапайым компьютер сатушы екен деп ойлайды. Бірақ көп ұзамай барлық құпия жарияланып, фильм қызық оқиғалармен өріле түседі. 
Мона Лизаның күлкісі, 2003. Фильм терең сюжетімен көрерменін қалың ойға жетелейді. АҚШ-та көрілім бойынша рейтингті басып озған фильмде студенттерді  еркіндік пен өмірді жақсы көруге  үйреткен мұғалім жайлы баяндалады.
Виктория мен Абдул, 2017. Фильмде үлкен империяны басқарып отырған Виктория мен оның қол астындағы үнді жігіті Абдулдың арасындағы берік те нәзік достық қатынас суреттеледі. Суық күзде адамдардың бір-біріне деген сенімділігін суреттеген фильм сізді де бей-жай қалдырмасы анық.
Міндетті түрде үйлену тойына келіңіз, 2017. Бұл фильм күздің көңілсіз кешінде көруге таптырмас туынды. Сіз мемлекеттік қызметкер атану үшін үйлену тойынан бас тартар ма едіңіз? Фильмдегі басты кейіпкер Арти Шукла да бұл сұраққа ұзақ ойланып, шешім қабылдайды. Жалпы фильмде Сатьендра Мишраның махаббат хикаясы керемет суреттелген.

11 қазан 2019 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031