» » Әлем: ең үздік әйел футболистер

Әлем: ең үздік әйел футболистер

  Ең үздік сұрмерген
     Британдық шабуылшы Марта Виейра да Силва ‒ әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі. Қазіргі уақытта ол Ұлттық әйелдер футбол лигасында, «Орландо Прайд» клубында ойнайды. Ол осыған дейін Швецияның Umea клубында ұзақ уақыт доп тепкен, әрі  төрт рет Швеция чемпионатының жеңімпазы атанған. Мартаның жетістіктері қатарында  Бразилия құрамасы сапында иеленген екі рет Олимпиаданың күміс жүлдегері атағы (Афина, 2004 және Пекин, 2008), 2006-2010 жылы әйелдер арасындағы FIFA-ның «Жыл ойыншысы» атағы бар.
     Былтыр Марта Виейра да Силва ерлерді қоса есептегенде әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Бұл туралы OptaJoe статистикалық қызметінің Twitter  парақшасында хабарланған. Ол Италияға қарсы әйелдер мундиалінің топтық кезеңінде көзге түсіп, әлем біріншілігіндегі  17-ші голын салды. Осылайша ол Германияның ерлер құрамасының форварды Мирослав Клозеден асып түсті. Айта кетейік, Да Силва бес әлем чемпионатына қатысқан.
Алғашқы «Алтын доп» иегері
    Лион клубының шабуылшысы, норвегиялық футболшы Ада Мартин Столсмо Хегерберг  2016 жылы Еуропадағы ең үздік футболшы
атанған. Би-би-си рейтингі бойынша 2017 жылдың үздік футболшысы атағын иеленген Ада әйелдер арасындағы алғашқы «Алтын доп» иегері.
     Молдовада дүниеге келген ол 2007 жылы отбасымен бірге Кульботнға көшіп барып, жергілікті клубта жаттығуды жалғастырады. Ада  2011 жылдың 6 тамызында өткен ойында  жеті минут ішінде Роаға қарсы үш гол соғып, Норвегия чемпионатының матчында хет-трик жасаған ең жас ойыншы атанды. Әрі сол жылдың қорытындысы бойынша Норвегияның ең үздік жас футболшысы деп танылды. 2012 жылдың мамырында ол «Фарт» клубына қарсы бес гол соғып, чемпионат нәтижесінде 18-матчта 25 гол жіберіп, ең үздік сұрмерген атанды.
Еуропа чемпионы – Дженнифер
      Дженнифер Марожан  ‒  венгрлік неміс футболшысы, «Лион» клубының және Германия құрамасының жартылай қорғаушысы. 2013 жылғы Еуропа чемпионы. Неміс футбол мектебінің оқушысы Дженнифер Бурбах командасында ойнап, Саарбрюкен футбол мектебінен өтті. 2007 жылы ол Бундеслигадағы ең жас дебютант болып әрі ең жас гол авторы атанды. 2008 жылы Еуропа чемпионатында екі гол соғып, турнирдің үздік бомбардирі атанды. Жаңа Зеландияда өткен әлем чемпионатында турнирдің ең үздік ойыншысы және чемпионат нәтижесі бойынша FIFA-ның «күміс доп» иегері
болды. Дженнифер 2013 жылы Еуропа чемпионатына қатысып, Еуропа чемпионы атанды.
Жыл футболшысы – Алекс
    Александра Морган ‒ американдық футболшы, Прайд Орландо командасының шабуылшысы.  2012 жылы Морган АҚШ-тағы ең үздік футболшы деп танылып, FIFA-ның таңдауы бойынша әлемдегі ең үздік футболшы атағына ұсынылды.
    2010 жылы шабуылшы өзінің АҚШ-тағы дебютін жасап, 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанды. Морган 2013 жылы Алгарве кубогында американдықтар үшін жеңіске жетіп, Косоваре Асланимен турнирдің үздік бомбардир атағын алып,  CONCACAF аймағында жыл футболшысы атанды.                                           Маусым айында Францияда өткен  2019 жылғы әлем чемпионатында Алекс АҚШ құрамасының Тайландқа қарсы алғашқы матчында бес гол соқты, нәтижесінде ол өз командасына жеңіс әкелді (13: 0). Англияға қарсы жартылай финалда ол матчтың 31-минутында жеңіс голын соғып, командасын финалға шығарды.
Олимпиада чемпионы ‒ Карли
      Карли Энн Ллойд ‒  Sky Blue клубының және АҚШ құрамасының жартылай қорғаушысы, американдық футболшы. Екі дүркін Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы. 2015-2016 жылғы әлемнің ең үздік футболшысы. 2015 жылғы Әлем Кубогының финалында ол хет-трик жасап,  әйелдер арасындағы әлем чемпионатының тарихында қалды. Карли 2015 жылғы 30 қарашада FIFA-ның әлемдегі ең үздік футбол ойыншысына берген «Алтын доп» үміткерлерінің қатарына қосылды. Маусым айында Францияда өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында Карли АҚШ құрамасының Таиландқа қарсы бірінші матчында ұлттық құраманың он үш голының соңғысын соқты. Чилиге қарсы екінші матчта Ллойд 11 және 35-минутта екі рет гол соғып, АҚШ құрамасы 3-0 есебімен жеңіске жетті.
Дайындаған Г.НҰРТАЙҚЫЗЫ
02 ақпан 2020 ж. 951 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930