Ғалымдар жас көрінудің құпиясын айтты
АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары бетке күн сайын жарты сағаттық жаттығу жасау әжімдердің пайда болуын тежеп, жас көрінуге септігін тигізетінін айтты.Зерттеушілердің айтуынша, беттің бұлшықеттеріне жаттығу жасау қымбат тұратын лифтинг-кремдерді қолданбауға мүмкіндік береді.Арнайы жаттығудың курсы 20 аптаға есептелген. Күн сайын жарты сағат бойы беттің бұлшықеттерін қозғалысқа келтіруге арналған әрбір жаттығуға 1 минут кететін көрінеді. Олар шын мәнісінде әрбір жаттығу – бұл белгілі бір эмоцияның көрінісі екенін айтады.
Бетке арналған жаттығулар курсы аяқталғаннан кейін дәрігер-дерматологтар зерттеуге қатысқан адамдадың беті терісі кем дегенде 50%-ға икемді әрі серпінді болғанын анықтаған.