Адамдардың Марсқа қашан қоныстанатыны белгілі болды
Mars One бағдарламасы жетекшілерінің бірі Марсқа адамдардың 2032 жылы ұшып баратынын айтты. Аталған бағдарламаның мақсаты – Қызыл планетаға тіршілік иелерін қоныстандыру.Оның айтуынша, жобаны қаржыландыру мәселесі реттелді және бұл мәселе 2019 жылы өз жалғасын табатын болады. Бастапқыда Mars One өз миссиясын 2022 жылы орындайды деп жоспарланды. Кейін қаржы тапшылығы салдарынан мұны 2031 жылға шегерді.Осы күнге дейін 200 адамнан Марсқа барғылары келетіндері туралы ұсыныс келіп түсті. Бірақ, аталған жоба аясында олардың тең жартысы ғана ұшырылады.
Жаңа кезеңде авиациялық-ғарыштық компаниялар мен қызметкерлер келісімшарт жасасып, Марсқа ұшқысы келетін 100 адамның тек қырығы таңдалып алынады. Нәтижесінде 2031 жылы Қызыл планетаға екі ер адам мен екі әйел адам ұшып барады. Олар Марста екі жыл бірге өмір сүреді. Кейін 2034 және 2036 жылдары қатарлары толығады.«2012 жылы осы мәселені қарастырып жүріп, адамдар Марсқа 2023 жылы барып қоныстанады деп жоспарладық. Бірақ, көптеген кедергіге байланысты ұшу уақыты шегерілді. Бұл негізінен қаржыландыруға байланысты болып отыр. Қазір барлығы реттелді, біз екінші кезеңге дайындалып жатырмыз», — дейді Лансдорп.