» » Су байлығын қорғау – басты міндетіміз

Су байлығын қорғау – басты міндетіміз

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында балық шаруашылығына баса мән беру керек екендігі айтылды. Осы кезекте облыста 207 көл барын есепке алсақ, осынша су айдындарының 180-нен астамы жеке кәсіпкерлер меншігінде. 10 жылдан ары қарай түрлі мерзімде жалға алған. Шыны керек, олар бір жағы кәсіп қылса, екінші жағынан табиғат қорын қорғап, өсімін көбейтуге атсалысуда. Өйткені көлді алғандағы міндеті де сол. Сондай-ақ жергілікті жердің тұрғындарынан екі адам болса да жұмыспен қамтып отырғанын да айту керек.
Өзім иелік ететін, 30 жылға жалға алынған көлдің жалпы аумағы 70 гектар болады. Сасықкөл деп аталатын, Сырдария ауданы, Бесарық ауылына жақын көлді үш жыл бұрын, облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы арқылы келісім-шартпен дамытуды қолға алдық.
Міне, содан бері басқарма бекіткен міндеттемелерді орындап, су айдындарын сақтауда жұмыс істеудеміз. Ондағы табиғат байлықтарын ұдайы назарда ұстап, шаруашылық қорықшысы көл аумағын браконьерлерден қорып келеді. Өйткені жылдың төрт мезгілінде де балық аулаушылар қытай ауын қолданып, онымен қоймай, токпен ұру арқылы электр құрылғысымен аулап, зиян тигізуі әбден мүмкін.
Басқарма бекіткен белгілі міндеттемелердің ішіне бұдан өзге де көп шаруа кіреді. Мысалы, көлді тереңдету, су қорын қалыпты ұстау, қатты өсімдіктерді шабу, шабақ қорын көбейту, олардың дамуына жағдай жасау, табиғи уылдырық шашу кезінде жайластыру, т.б. Қыс кезінде мұзды ойып, балықтың қырылмауына жол бермеу де біздің міндетке кіреді. Сондай-ақ жыл сайын күріш егістігінде қалған шабақтарды өзіміз құтқарып, көлге әкеліп салып отырамыз.
Айта кетсек, былтыр егістіктен 12 мыңнан астам шабақ құтқарылса, биыл 13500 шабақ түрі көлге жіберілді. Ал жалпы Сасықкөлде сазан, дөңмаңдай, жыланбас, күміс түстес мөңке, торта, ақмарқа, қылыш балық, көксерке сияқты балық тұқымдары тіршілік етеді.
Біздің шаруа қожалығының басты мақсаты – жайылымдық жерге кірігіп жатқан өзімізге тиесілі көлдың қауіпсіздігін сақтау. Сондай-ақ ондағы балық қорын көбейту арқылы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да үлкен күш саламыз.

Бақытгүл ПАЗЫЛОВА,
«Жолдасбек» шаруа
қожалығының төрайымы.
04 қазан 2020 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031