» » Дала жұмыстарына дайындық

Дала жұмыстарына дайындық

Биыл Қармақшы ауданы бойынша 22078 гектар егіс орналастырылады деп жоспарлануда. Оның ішінде күріш − 14000 га, бидай – 380 га, мақсары -302 га, соя − 40 га, жоңышқа – 6744 га, картоп-383 га, көкөніс – 323 га, бақша өнімдері − 481 га егіледі. Сонымен қатар 40 гектар жерге соя дақылын «Тұрмағамбет» ЖШС және «Жаңажол» ЖШС шаруашылықтарында өсіру күтілуде.
Қазіргі уақытта аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 131 трактор, 86 соқа, 40 тұқым сепкіш, 66 автомашина, 98 трактор тіркемесі бар. Бұлардың ішінде өнімділігі жоғары 15 МагДон жаткасы, 22 Класс комбайндары, т.б. ауыл шаруашылық техникалары бар. Техника паркінің 75 пайызы жаңартылған.
Қармақшы ауданына ұйымдастырылған баспасөз турында БАҚ өкілдері ІІІ Интернационал ауылдық округі «Достық жер» шаруа қожалығы, Иіркөл ауылдық округіндегі дайындық жұмыстарымен танысты
Индира Көбекова, жеке кәсіпкер:
− Жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған "Zhas project" жобасы аясында өз жобамды ұсындым. Нәтижесінде, 1 млн теңге қаражат алып, "Сыр гүлі" кафесін жалға алдым. Сонымен қатар, кәсібіме қажетті құралдарды сатып алдым. Мейрамхана кәсібін қолға алған себебім, ата-анам осы кәсіппен айналысады. Яғни, менің бала күнгі арманым десем болады.
Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Негізгі мақсатымыз, аудандағы жұмыссыз қыз-келіншектерді жұмыспен қамту. Кәсібіміз бүгінде өз жолын тауып, күннен-күнге дамып келеді. Қазіргі таңда тұрғындарды тез дайындалатын тағаммен қамтамасыз етудеміз."
Балықтар әлемі
Үш айға жуық уақыттан бері Жосалы кентінің орталығында "Балықтар әлемі" дүкені жұмыс істеуде. Отбасылық кәсіпті қолға алған Рахман Бекмаханов Тоғызкөл-Әлтай көлін 10 жылға жалға алған. Бүгінде сол жерден өнімді тікелей халыққа жеткізіп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, сұраныс күннен күнге артып келеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта шаһар халқын жұмыспен қамту жоспарында бар. Тұтынушылар балықтың жеті түрін сатып ала алады.
Айсара ДӘУІТ,
ҚМУ-дың студенті
23 сәуір 2019 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031