» » Қызылордада 12 мың қарияның зейнетақысы үйіне жеткізіледі

Қызылордада 12 мың қарияның зейнетақысы үйіне жеткізіледі

  Карантинге байланысты 65 жастан асқан қариялардың зейнетақысы үйлеріне апарылып берілуде. Қазпоштаның бұл қызмет түрін облыста 12280 зейнеткер пайдаланып отыр.
«Бұл қызмет түрін пайдаланушылар арнайы құрылған байланыс орталығына өтінім берді. 4 мобильді топ жеткізу қызметімен айналысуда. Бұл шаралардың барлығы біздің клиенттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынды. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлемдер үшін шұғыл желі телефоны арқылы 33 588 тұрғын шот ашты», – «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Аида Әбибуллаева.
Қазпоштаның көрсететін барлық қызметтер онлайн алуға болады. Ал шалғай жатқан аумақтарда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында франчайзингтік бөлімшелері ашылуда.
10 қазан 2020 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031