» » Қызылордада көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртудан өтті

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртудан өтті

  Қазіргі таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың бағдарламасына сәйкес 32 көпқабатты тұрғын үйге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қала әкімінің басты тапсырмасы – сапаға мән беру. Әрі жұмыстарды уақытылы жүргізу. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуші мердігер мекемелер берілген тапсырманы сапалы орындауда. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында кей мекемелер жоба құжаттарында қаралмаған жұмыстарды өз жауапкершіліктеріне алған. Мәселен, көпқабатты тұрғын үй аулаларына орындықтар орнатып, ауланы қоршау жұмыстарын жүргізуде», – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Далабаев.
Қолға алынған кешенді бағдарламаның міндеті  жылумен, электрмен, сумен қамтамасыз етуші жүйелерді жаңғырту. Сонымен бірге жөндеу жұмыстары сыртқы қасбетін әрлеу, сырлау, шатыр жабынын жөндеу, подъезд іші жұмыстары, пластикті терезелер, домофонды есіктер орнату сынды жұмыстарды да қамтиды.
Тұрғындар жарты ғасырдан соң жөндеуден өткен үйлердің қазіргі жағдайын айтып,  қуаныштарын жеткізді.
Жалпы Қызылорда қаласында 815 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 426 көпқабатты тұрғын үй жөндеуді қажет етеді.  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың  2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қаладағы  134 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 26 үйді жаңғыртудан өткізуге бюджеттік өтінім ұсынылған.
21 қазан 2020 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031