» » Қызылорда: Бизнес өкілдері МӘМС жарналарынан келесі жылға дейін босатылған

Қызылорда: Бизнес өкілдері МӘМС жарналарынан келесі жылға дейін босатылған

Қызылорда облысы бойынша 8,5 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылған.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысына сәйкес ШОБ үшін жеңілдікті кезең 2020 жылғы 1 қазаннан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов түсіндіріп өткендей, ШОБ қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алуы үшін олардың жұмыс берушілері ай сайын 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалдамалы қызметкерлер туралы ақпаратты беруі тиіс.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электрондық форматта жаңартып отыруы тиіс. Бұл үшін, олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына өтуі тиіс   және тізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табу (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес). Бұдан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Одан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-і қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр жеке қызметкерге жол-жөнімен де жасалуы мүмкін.
«ШОБ үшін жеңілдікті кезеңді ұзарту – бұл шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады.  Егер қазіргі қызметкерлердің тізімдері уақтылы жаңартылмаса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған күйінде қалу қаупі бар», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
ШОБ 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.
10 қараша 2020 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031