Қызылорда: Көлік салығы жыл аяғына дейін төленуі тиіс
Қызылорда облысы Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 31 желтоқсанында жеке тұлғалар үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.
Меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Салық төлеуші әрбір көлік құралы үшін салық мөлшерлемесі бойынша салық соммасын салықтық кезеңіне сәйкес өз бетінше есептеуге және төлеуге міндетті.
ҚР тіркелген немесе есепте тұрған тіркемелерді қоспаған жағдайда, салық салу объектісі көлік құралдары болып табылады.
Оларға:
• жеңіл автомобильдер;
• жүк машиналары;
• арнайы автомобильдер;
• автобустар;
• темір жол көлігі;
• шағын өзен және теңіз кемелері;
• әуе көлігі және басқа да ұшу аппараттары;
• пневматикалық немесе шынжыр табанды жүрісті өздігінен жүретін машиналар мен механизмдер, дөңгелекті тракторлар және жалпы пайдаланымдағы автомагистральдар бойынша қозғалыс үшін арналмаған өзге де механизмдер.
Салық сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында іске асырылған калькулятордың көмегімен есептеуге болады. Сондай-ақ, «E – Salyq»мобильдік қосымшасының көмегімен «көлік құралдарына салынатын салықты есептеу» бөлімінде онлайн-режимде салынатын салық сомасын алуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, осы қосымшада салық салу объектілері бойынша деректерді түзету сервисі, сондай-ақ «салық әмияны» төлеу сервисі (салықты төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі) іске асырылған.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қазақстандықтарда жеке тұлғалар үшін өсімпұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық бағдарламасын пайдалану мүмкіндігі бар, оның жалғыз шарты салықтар бойынша негізгі борышты төлеу болып табылады.