Сауал сізден, жауап бізден

Мұхаммед ТӘЖІМАНАЙҰЛЫ,
қала тұрғыны:
Сұрақ:
Көлік құралдары туралы дұрыс емес мәлімет анықталса не істеуге болады?
қала тұрғыны:
Сұрақ:
Көлік құралдары туралы дұрыс емес мәлімет анықталса не істеуге болады?
Түзету үшін онлайн режимінде өтініш беріп, деректер қорынан шығаруға мүмкіндік беретін қызметті пайдаланған дұрыс. Бұл қызметті «e-Salyk» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» арқылы пайдалана алады, оны «App Store» мен «Play Market»-тен жүктеуге болады.
Алмат СЕРІКБАЙҰЛЫ,
қала тұрғыны:
Көбінесе, менің атымда автокөлік жоқ, бірақ қарыз шығып тұр деп келетін салық төлеушілердің басты қателігі неде?
қала тұрғыны:
Көбінесе, менің атымда автокөлік жоқ, бірақ қарыз шығып тұр деп келетін салық төлеушілердің басты қателігі неде?
Сенімхат арқылы сатылған немесе жарамсыз күйде бөлшектеп сатылып кеткен немесе металлоломға өткізіліп кеткен көліктерді Полиция департаментіне барып, мемлекеттік тіркеуден шығармаған жағдайда, көліктің иесі көлік салығын төлеуші болып қала береді. Жеке тұлғалар тарапынан түсініспеушілік осы жерден туындап отыр. Көлікті сатқан уақытта, сол мезетте сату-сатып алу келісімшарты бойынша өз иелігінен, яғни мемлекеттік есептен шығару қажет еді.
Жеңісбек САБЫРҰЛЫ,
қала тұрғыны:
Салық төлеуші жеке тұлғалар қарызы жайында хабардар болып отыр ма?
қала тұрғыны:
Салық төлеуші жеке тұлғалар қарызы жайында хабардар болып отыр ма?
Жыл сайын көлік құралына көлік салығын төлеу, оның мерзімі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және облыстық телеарнадан хабарламалар беріліп отырады. Одан басқа, ағымдағы жылы есептелген және төленетін салықтары туралы тұрғындарды хабардар ету үшін Қызылорда қаласында коммуналдық төлемдердің «Бірыңғай төлем құжаты» хабарламасына енгізіліп таратылуда. Және біздің ведомство тарапынан «Каспий банк» арқылы есептелген салық туралы push-хабарлама тұрғындарға жіберілуде.
Біздің www.kgd.gov.kz ресми сайттағы «Электрондық сервистер/Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтері» бөлімінде немесе www.egov.kz «Электрондық үкімет» порталындағы «Салықтар және қаржылар»/ «Салықтық қарыздарды көру және төлеу» бөлімінде берешекті анықтауға толық мүмкіндік қарастырылған.
Мұнан бөлек, салық төлеушілерімізге толық ақпарат беру мақсатында департаментте 1414 қысқа нөмірлі «Байланыс орталығы» үзіліссіз жұмыс атқаруда.