» » Гүлшара Әбдіқалықова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сокпен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы алдымен мейманды Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың нығая түскенін жеткізді. Сонымен қатар, қос мемлекеттің бауырластығы, достық қарым-қатынасы бүгінде берік ынтымақтастыққа ұласқандығын айтты.
«Қазақстан мен Корея Республикасы көптеген жылдар бойы ашық және сенімді қарым-қатынас орнатқан стратегиялық серіктестер екендігі белгілі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына биыл 28 жыл толып отыр. Қазіргі таңдағы жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар, сауда-экономикалық қатынастардың қарқынды өсуі және бірлескен мәдени іс-шаралар өзара қарым-қатынастардың айқын дәлелі болып табылады. Тарихи деректерге сәйкес елімізге депортацияланған корейлер қазақ халқының бауырлас көмегіне сүйенді. Шиелі ауданында корей этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек ері атанды. Облыс аумағында Хон Бом До, Ге Бон У, Цай Ден Хак, Ким Ман Сан сынды кәріс диаспорасының атақты өкілдері жемісті қызмет атқарған. Сол уақыттан бері елімізде, оның ішінде Қызылорда облысында корейлердің біршама ұрпақтары қоныстанып, бүгінгі күнге дейін тату-тәтті өмір сүріп келеді», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
Елші Ку Хонг Сок осы сапарында ауылшаруашылық саласында, оның ішінде күріш өсіруде Сыр өңірінің орасан жетістерге жеткеніне таңданысын білдірді. Қызылордалық диханшылардың күріш өсіру технологиясын меңгеру мақсатында екі ел шаруаларының тәжірибе алмасу шарасын өткізуге ұсыныс білдірді.
«Мен осы сапарымда Қызылорда облысының тыныс-тіршілігімен таныстым. Қорқыт ата атындағы университетте болдым, Хон Бом До атындағы мемориалын көрдім. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылордада жерленген генерал Хон Бом Доның сүйегін тарихи отанына қайтару туралы Корея Президенті Мун Чже Иннің сұранысына қатысты оң шешім қабылдады. Хон Бом До – Корея тәуелсіздігі үшін күрескен даңқты ұл. Сондықтан екі ел басшылары келіскен бұл істі атқаруға сіздің қолдау білдіруіңізді сұраймын. Сонымен, қатар бұл өңір мұнай-газ саласымен қатар, Байқоңыр ғарыш айлағымен де әйгілі. Ауылшаруашылық саласында, әсіресе, күріш өндіруде толағай табыстарға жетіп келесіздер. Біз жергілікті дихандардың күріш өсіру технологиясын меңгергіміз келеді. Осы бағытта екі ел шаруалары тәжірибе алмасса деген ұсынысым бар. Коронавирус инфекциясымен күресте де ынтымақтастығымызды арттыра береміз деп сенемін», деді Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сок.
Кездесуде аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Хон Бом Доның сүйегін тарихи отанына қайтару ісінде қолдау көрсететінін жеткізді. Пандемиямен күрес мәселесінде Корея Республикасымен ынтымақтастықты арттыруды маңызы зор екендігін айтты. Ауылшаруашылық саласында да әріптестікті арттырып, екі ел мамандарының тәжірибе алмасу ұсынысы іске асатынын білдірді.
13 қараша 2020 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930