» » Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Akorda.kz.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.    Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді.     Қазақстан Президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты. Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге «Хазірет Қызыр» мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті.  Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан  Президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді. 

23 наурыз 2018 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930