» » Тәжікстан қазақстандық Hyundai County автобустарын сатып алады

Тәжікстан қазақстандық Hyundai County автобустарын сатып алады

Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстан Республикасына сапары шеңберінде KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ мен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ Тәжікстан Республикасына автобустар жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойды.
Мәміле Алматы облысындағы «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс алаңында шығарылған 300 дана Hyundai County маркалы автобустарын жалпы 19 млн долларынан астам сомаға жеткізуді көздейді.
Автобустар Душанбе қаласының автобус автопаркін кеңейтуге арналған және Тәжікстанның қалалық және қала маңындағы бағыттарында пайдаланылатын болады.
«KazakhExport, Hyundai Trans Auto ЖШС-не бастапқы кезеңде мәмілені дұрыс құрылымдауға және экспорттық қолдау құралдарын қолдана отырып бұл мәмілені іске асыруға қолғабыс көрсетеді», - деп түсіндірді KazakhExport Басқарма төрағасы Руслан Искаков.
KazakhExport-тың қолдау құралдары Қазақстаннан Тәжікстан Республикасына тауарлар экспорты көлемінің өсуіне септігін тигізеді.

28 сәуір 2018 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930