Kazakh Tourism компаниясы 120 млн теңгеге экспедиция ұйымдастырмақ

Оның айтуынша, қазіргі таңда туризмнің дамуына мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілуде.
Осы орайда компания басшылығы «Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін» атты 6 бағыттан тұратын экспедиция ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Жақында Елбасы Бурабайға сапары кезінде Қазақстанның көрікті жерлерін қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де көрсету қажеттігін айтты. Еліміздің табиғаты ерекше екені белгілі. Сондықтан біз Алтайдан Жібек жолына дейін, Тянь-Шаньнан Каспийге дейінгі, Сарыарқадан, Алатауға дейінгі аралықты қамтитын, 6 бағыт бойынша экспедиция ұйымдастырғалы отырмыз. Бір бағытқа 20 млн теңге жұмсалады. Жалпы экспедицияға 120 млн теңге бөлінбек», - деді Рашид Күзембаев
Осы орайда төраға аталған қаржы жолға, экспедияға қатысатын адамдарды тамақтандыруға және т.б. шығындарға жұмсалатынын атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция 2018 жылғы 18 шілде мен 29 қыркүйек аралығында 6 бағыт бойынша өткізіледі. Яғни экспедиция құрамындағы 140-қа жуық адам «Тянь-Шань маржаны» (Алматы облысы), «Алтай – өркениет бесігі» (Шығыс Қазақстан облысы), «Жоңғар Алатауы» (Алматы облысы), «Сарыарқа» (Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары), «Теңізден теңізге дейін» (Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары), «Жаңа Жібек жолы» (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) атты еліміздің көрікті жерлеріне саяхат жасайды. Осы орайда Kazakh Tourism ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсеғалиев экспедиция аяқталған соң, 6 бағыт бойынша туристер үшін арнайы жол картасы дайындалатынын атап өтті.