» » Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9% өсті

Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9% өсті

2018 жылдың 1 шілдесіне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 663,6 млрд теңгеге немесе 9 пайызға өсті.
«2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 356,4 млрд теңге болды. Жыл басынан бері табыстылық 4,5 пайызға жетті. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 2,6 пайыз болды. Ал жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2018 жылдың 1 шілдесі аралығында 9,5 пайызды құрап отыр. Ал бұл кезеңдегі инфляция деңгейі 5,9 пайыз болды», -делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың алғашқы алты айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 407,5 млрд теңгеге (кері қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (366,4 млрд теңге болған) 11 пайызға жоғары. Бұл ретте түсімдердің негізгі үлесі міндетті зейнетақы жарналарына тиесілі.
«Жалпы, 2018 жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 5,6 миллионнан астам адам Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударды. Ал олардың 70 пайызы (шамамен 4,1 млн адам) зейнетақы жарналарын жылына кемінде алты рет аударады. Бұл ретте олардың төлеген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы 407,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2017 жылы 5,9 миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 756,1 млрд теңгеге міндетті зейнетақы жарналарын аударды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға жоғары», - делінген хабарламада.
07 тамыз 2018 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930