» » Кәсіпкерді жосықсыз ретінде танығысы келген Жаңақорған кенті әкімдігі жауапкершілікке тартылды

Кәсіпкерді жосықсыз ретінде танығысы келген Жаңақорған кенті әкімдігі жауапкершілікке тартылды


    
     Енді кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі келтірген шенеуніктерге қатысты қатаң шаралар қабылданады.  
Бұл туралы желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Астана қаласында  Жоғарғы Сот мінберінде өткен «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форумда айтылды.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми қатысқан шарада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев: «Егер сотта шенеуніктердің кәсіпкерлерге зиян тигізгені дәлелденсе қатаң шаралар қабылдануы қажет. Бұл ретте, «Атамекен» ҰКП-сы сот органдарымен бірге бұл тәжірибені кеңейту бағытында жұмыстар жасайтын болады», - деген болатын.
Бүгінгі материалда кәсіпкердің жұмысын жүргізуге кедергі жасаған мемлекеттік органның әрекеті туралы айтылатын болады.
Осы жылдың маусым айында «Азрет-жол құрылыс» ЖШС-і Жаңақорған кентінің орталығында екі көшені орташа жөндеуден өткізуге тапсырыс алады.
Тапсырыс берушілер келісім-шартқа сәйкес жұмысты 1 айдың ішінде бітіруді талап етеді. Талап кәсіпкер тарапынан толық орындалып, мерзімінде біткеніне, техникалық қадағалаушылардың жасалған жұмысқа оң баға бергеніне қарамастан, тапсырыс беруші Жаңақорған кенті әкімдігі қабылдау актісіне қол қоюға асықпайды.
Негізі мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтарға сәйкес, жұмыс толық біткеннен кейін тапсырыс беруші 3 жұмыскүнінен кешіктірмей актілеп, қабылдап алуы тиіс. Ал бұл жұмыстарды Жаңақорған кенті әкімдігі бір көшеге қатысты тапсырысының актісіне 14 тамызда, екінші көше бойынша 6 қыркүйекте қол қойған.
Мұнымен қоса, кәсіпкердің өзін жұмысты мерзімінде бітірмеді деген желеумен 1 млн.353 мың 520 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп, жосықсыз ретінде тану үшін сотқа береді.
  «Азрет-жол құрылыс» ЖШС-нің құқығын қорғау туралы Кәсіпкерлер палатасына түскен өтініштен кейін заңгерлер мәселені жан-жақты қарастырды. Себебі, егер сотта кәсіпкер жосықсыз ретінде танылатын болса 2 жыл көлемінде жұмыс жасай алмайды. Бұл дегеніңіз бизнестің жабылуына да алып келуі мүмкін.
Мәселені зерделеу барысында заңгерлер тапсырыс берушінің қойп отырған талаптарының негізсіз екендігін анықтай алды. Яғни мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес жұмысты орындау мерзімі келісім-шарттың қазынашылық органдарында тіркелген уақытынан бастап есептелуі қажет, ал Жаңақорған кенті әкімдігі бұл жайтты ескермей, келісім-шартқа қол қойған күннен бастап есептеген.
Сонымен қатар, Заң бойынша тапсырыс беруші келісім шартты тиісті орындамағаны белгілі болған сәттен бастап 30 күн ішінде  сотқа әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюға міндетті. Осы мерзімдер тыйым салынатын мерзімдер болып табылады, бұл мерзімдердің өтуі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Алайда, Жаңақорған кенті әкімдігі Заңда көрсетілген мерзімдерді де өткізіп алған.
Аталмыш мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасының заңгері Аида Қаюпова: «Біз сотта осы дәлелдемелерді алға тартып, Жаңақорған кенті әкімдігі талабының негізсіздігін дәлелдей алдық. Нәтижесінде тапсырыс берушінің жосықсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырылмады. Кәсіпкер бизнесімен қатар 1 млн. теңгесін сақтап қала алды. Мұнан өзге, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты заң талаптарын тиісінше орындамағаны үшін Жаңақорған кенті әкімдігін жауапкершілікке тарту жөнінде жеке  ұйғарым шығарды», - дейді.
Айта кету керек, 2017 жылы кәсіпкерлер палатасына бизнес өкілдерінен 200-ден аса өтініш түсті. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 350-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалып, 370 млн. теңге  қаржысын сақтап қала алды.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
02 қаңтар 2018 ж. 834 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031