» » Өнеркәсіптегі инвестициялар артуда – министр

Өнеркәсіптегі инвестициялар артуда – министр


Негізгі капиталға, соның ішінде, өнеркәсіп саласына салынатын инвестициялар көлемі артуда. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
«Көрсетілетін қызметтер саласының өсуі 3,8% құрады. Көрсетілетін қызметтер сегментіне инфляцияның баяулауы мен экономиканың нақты секторындағы жоғары іскерлік белсенділік оң әсерін тигізеді. Төмен инфляция аясында сауда өткен айға қарағанда 6,1% дейін ұлғайды. Бұл ретте, өндірістік белсенділік көліктің 4,9% өсу денгейінде сақталуына жағдай жасайды», - деді министр.
Оның айтуынша, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың кеңеюі жалғасып, ол 23,7% өскен.
«Инвестициялардың ең үлкен өсімі - 32,7% көрсеткіші өнеркәсіпте тіркелген. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға және Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасын іске асыруға байланысты. Айта кету керек, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту шетелдік тікелей инвестициялардың айтарлықтай ағыны есебінен жүзеге асырылуда. Бұл ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мұнай өңдеуге тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің 5,4 есеге өсуімен расталады», - деді ведомство басшысы.
Сүлейменов мәлімдемесіне сәйкес, жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ретінде 6,7 млрд. АҚШ доллары тартылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4% артық.
14 тамыз 2018 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031