» » Әлеуметтік шаштараз

Әлеуметтік шаштараз

   Әсел Бекбанова – ес білгелі ата-анадан жырақ кетіп, еңбекке ерте араласқан жанның бірі. Ерте араласқаны  тұрмыс жағдайының төмендігінен емес, еңбектің адал нанын жеу нәзік жанның негізгі мақсаты еді. Ол «Мен бастық болуым керек, әлде жалақысы жоғары жұмысқа орналасуым тиіс» деп өзін де, өзгені де әуреге салмады. Қолынан келгенін іске асырып, қаладағы бұрымдылардың шашын әрлеп, сәндеумен айналысты.  Тіпті мектеп жасынан бастап шаштараздық кәсіппен шұғылданды. Бүгінге дейін  осы саладағы ұстазы Ләззат Маутенованың қарауында жұмыс істеп, шаштараздықтың қыр-сырын үйренді. Зейінді жас сүйген кәсібін жылдам меңгеріп алды. Қазір өзі де өзгелерге тәлімгер болуға жарап қалды.
Уақыт өте келе Әсел жеке шығуды көздеп, байыпты бағдарламалар ережесімен танысады. Сәті келгендей «Zhasproject» жобасы да өңірге жетті. Жоспарын аталмыш жоба арқылы жүзеге асыруға бел буды. Жарқын жобаның көмегімен   ұстазы Ләззаттың еңбек ұясынан қанат қағып, өз алдына бөлек шығып, кәсіпкерлік нысан ашып, қала  тұрғындарына қызмет ете бастады.  Қызылорда қаласындағы Торайғыров көшесінде өткен аптада «Көркем» сұлулық салонын ашты. Салон 6 ай ішінде әлеуметтік аз қамтылған 100 адамға ақысыз қызмет көрсетеді. Әсел жалғыз емес. Жанында сіңілісі Арайлым мен құрбысы Айтолқын бар. Екеуі де шаштаразшы.
— Сабақты ине сәтімен демекші армандай білген адам арманына жетеді. Қай уақытта болмасын ойлағанын жүзеге асырады. Елде жастарға демеу бар. Тірлікке талпынсаң болғаны. Қуанышымда шек жоқ. Бағыт бағдармен жеке ісімді бастадым. Жемісті жобаның жеңімпазы болғаныма разымын. Көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлерге алдағы 6 айда өз қызметімізді тегін ұсынамыз, - дейді  Әсел Бекбанова.
Ерасыл ШӘРІБЕК
 

18 қазан 2018 ж. 2 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031