» » ҰБТ-ҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

ҰБТ-ҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА


Былтырғы оқу жылы сырдариялық мектеп бітіруші түлектер үшін жемісті жыл болды. ҰБТ-ға тыңғылықты дайындалған 196 оқушының 144-і мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Биыл да осындай жарқын жетістікке жету мақсатында аудан әкімінің бастамасымен іс-шаралар жоспары белгіленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында 11 сыныпта барлығы 336 бітіруші білім алуда. Оның ішінде 249 оқушы ҰБТ-ға қатысады деп жоспарланған. Қазіргі таңда «Жалын» тынығу лагері базасында 11 сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындық жұмыстары өтуде. Қаңтар айында алынған сынама тест қорытындысы бойынша орташа балл 83,5 пайызды құрады. Ауданда оқушылардың онлайн режимдегі жаңа форматтағы сынама тестке қатысуына барлық жағдай жасалған. Биылғы оқу жылында 39 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» және 12 мектеп бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Алдағы уақытта да ҰБТ-ға дайындық жұмыстары күшейтіліп, әрі қарай жалғасады. Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізілетіне сенім мол. Бұл бағытта ауданның білім беру саласын дамыту мақсатында аудан әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалған.
08 ақпан 2018 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031