Биыл 500 шақырым жол ақылы болады

Бүгін Үкімет отырысында мәлімдеме жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Астана мен Алматы аралығындағы Орталық-Оңтүстік және Астана мен Өскемен аралығындағы Орталық-Шығыс дәлізідерінің құрылысы жалғасады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірінде туризмді және Қытай Халық Республикасынан тауар айналымын ұлғайтуды қамтамасыз ететін Алматы-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық жолдары жаңғыртылады.
«Жаңа жолдарды сапалы күтіп ұстау және қолайлы және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы ұзақтығы шамамен 500 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу жоспарлануда», - деді министр. Оның айтуынша, көліктік ағымдарды тиімді басқару және инфрақұрылымның одан әрі даму қажеттілігін анықтау мақсатында цифрлық технологияларды қолданумен Интеллектуалдық көліктік жүйені кезең-кезеңмен енгізу жөнінде жоспар қабылданатын болады. Айта кетейік, Үкімет отырысында министрлер кабинеті аталған мәлімдемені бірауыздан қолдап, қабылдаған болатын.