» » Еліміздің ақылы жолдары қанша қаржы табады?

Еліміздің ақылы жолдары қанша қаржы табады?


2020 жылға қарай Қазақстанның ақылы жолдарынан түсетін кіріс көлемі белгілі болды. Оны бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас  учаскелерінде ақылы жол жүйесін құру жұмыстары басталған. Оның жоспарланған жылдық түсімі 4 млрд теңгені құрайтын болады. «2020 жылға қарай  ақылы жолдан түсетін жинтық түсім 30 млрд теңгеге жетеді», - деді Мереке Пішембаев. Комитет басшысының дерегінше, биыл Қарағандыны айналып өтетін жолды қосқанда Орталық-Оңтүстік жобасының Теміртау-Қарағанды учаскесінде құрылыс жалғасуда. Сонымен қатар Орталық-Шығыс жобасы бойынша Астана-Павлодар-Семей-Қалбатау және Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл, Орал-Каменка учаскелеріндегі жалпы ұзындығы 1,2 мың шақырым болатын учаскеде  жұмыстар жүргізілуде. Бұған қоса, бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 511 шақырым болатын Бейнеу-Ақжігіт, Щучье-Зеренді, Таскескен-Бақты, Үшарал-Достық, Қостанай-Денисовка сияқты 6 жобаны іске асыру қолға алынған. «2018-2019 жылдары республикалық маңызы бар 6,2 шақырым автожолдарды орташа жөндеуден өткізу үшін 4,4 мың шақырымды қайта жаңғырту және 800 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деді ол Оның айтуынша, 2018 жылы Орталық-Шығыс дәлізінің Астана-Павлодар, Теміртау-Қарағанды учаскелерін, Саратовқа шығатын Орал-Каменка автожолын және Таскескен-бақты учаскесін аяқтау жоспарланған.  
25 желтоқсан 2017 ж. 971 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031