» » Территориясы көлемді Қазақстан үшін сапалы интернет аса маңызды – Сағынтаев

Территориясы көлемді Қазақстан үшін сапалы интернет аса маңызды – Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев территориясы ұлан-ғайыр Қазақстан үшін цифрландырудың ерекше маңызды екенін айтты.
Алматыда өтіп жатқан «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумында сөйлеген Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда цифрландырудың дамуын Айфон смартфондарының эволюциясымен салыстырды.
«Біз бұл жұмысты он жыл бұрын электронды қызмет көрсетуден бастадық. Алғашқы Айфон мен соңғы Айфонның мүмкіндіктерін салыстырсақ, екеуі екі басқа нәрсе. Біз де үкіметте осылай салыстырамыз. 2008 жылы біз көрсететін электронды қызметтер қарапайым болса, бүгінде ол қоғамның көңілінен шығып отыр. Әйтсе де біз жұртшылықтың күтіп отырған деңгейінен қалып келе жатқанымызды түсінеміз. Осы себепті біз бүкіл мемлекеттік қызметтердің 80%-ын электронды әдіске көшіруді мақсат етіп отырмыз», - деді Қазақстан Премьер-Министрі.
Бақытжан Сағынтаев қоғамның болашағы ауылдарды, мектептерді сапалы интернетпен қамтуға байланысты екенін айтты.
«Инфрақұрылым мәселесі аса маңызды. Қазақстанның территориясы ұлан-ғайыр. Барлық қалаларды инфрқұрылыммен, интернетпен қамтып жатырмыз. Бізде жеті мыңдай ауыл бар. Мұндай жағдайда интернет жылдамдығы айтарлықтай жоғары болуы маңызды. Болашағамыз жақсы болуы үшін мектептерде сапалы интернет болуы керек. Осы себепті біз 2020 жылға дейін барлық ауылдарға жылдам интернет жеткізу туралы шешім қабылдадық», - деді Қазақстан үкіметінің басшысы.
02 ақпан 2018 ж. 880 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031