ІШКІ НАРЫҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ АЛҒА ЖЫЛЖИДЫ
Оразбек Мырзақұл, экономист-сарапшы:
ІШКІ НАРЫҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ АЛҒА ЖЫЛЖИДЫ
2012 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық экономика университетінде оқыған. Мамандығы – экономист. 2018-2020 жылдары Шанхай Қаржы және экономика университетінің магистратурасында “Халықаралық қаржы” мамандығы бойынша оқыды. Қазіргі таңда Еврофарма дәріханалар желісінде сарапшы болып істейді. Сонымен қатар "Rysqulov Analytics" зерттеу тобының сарапшысы.
– Оразбек Тілеубекұлы, экономика саласына қызығушылығыңыз неден басталды?
ІШКІ НАРЫҒЫ ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАСЫ АЛҒА ЖЫЛЖИДЫ
2012 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық экономика университетінде оқыған. Мамандығы – экономист. 2018-2020 жылдары Шанхай Қаржы және экономика университетінің магистратурасында “Халықаралық қаржы” мамандығы бойынша оқыды. Қазіргі таңда Еврофарма дәріханалар желісінде сарапшы болып істейді. Сонымен қатар "Rysqulov Analytics" зерттеу тобының сарапшысы.
– Оразбек Тілеубекұлы, экономика саласына қызығушылығыңыз неден басталды?
– Мектеп бітірген кезде нақ осы экономика саласына оқуға түсемін деп ойламадым. Логикалық есептерге, талдамалы зертттеулерге қызығушылығым жоғары еді. Содан осы экономика саласын толыққанды меңгеруді мақсат етіп, экономика саласына бет бұрдым.
– Қытайдың Шанхай қаласындағы грантты қалай жеңіп алдыңыз? Қиындықтар болды ма?
– Шанхай қаласынан грант жеңіп алуым мен үшін қызықты әрі маңызды шешімдердің бірі. Негізі осы грант жайлы 2016 жылы бакалавр бітірген кезде естідім. Сол жылы бағымды да сынадым. Алайда онлайн интервью сатысынан өте алмай қалдым. Содан Кедентранссервис АҚ Оңтүстік филиалында экономист ретінде алғашқы кәсіби мансабымды бастадым. Сол жұмысымда бір жарым жыл істегеннен кейін жұмыс процесі таныс әрі бір сарынды көріне бастады. Өміріме өзгеріс қажет деген ой маза бермеді. Ойлана келе қайтадан Қытай үкіметі бөлетін гранттық бағдарламаға қатысамын деп шештім. Наурыз айында құжаттарды дайындап, Қытайға жібердім.
Сәуір айының бас жағында онлайн сұхбатқа шақырту алдым. Интервью кезінде біраз қызықтар болды. Дегенмен сол интервью мен үшін сәтті болды. Шілде айында "Сіз грант ұттыңыз" деген хат келіп, қатты қуандым.
– Қытайдың қандай озық тәжірибесі көңіліңізден шықты?
– Шетелге сапарым алғаш Қытайдан басталды. Ең алдымен ол елдің озық тәжірибесі деп инфрақұрылымын айтар едім. Яғни жол, құрылыс саласы жоғары дәрежеде дамыған. Халық саны жағынан озық болған соң, қытайлықтар халықтың жағдайын жасап қойған. Таулы жерлеріне барсаң да, жолдары көлікпен жүргенге де, жаяу жүргіншілерге де ыңғайлы. Бірінің үстіне бірі шығып жатқан күрделі жолдардан кейінгі көңілімнен шыққан дүние – қытайша бизнес жасау мәдениеті. Қытайдың қазіргі қуатты экономикасының негізінде сол бизнес, адамдардың еңбекқорлығында жатыр дер едім. Бір түйгенім, кез келген экономиканы анықтаушы – ол адамдар, адамдардың мәдениеті, білімі, біліктілігі.
– Елімізде экономика, қаржы саласындағы болып жатқан жағдайларға нақты болжам жасайтын мамандар тапшы. Бұл біздің экономикалық сауатсыздығымызды көрсете ме?
– Әрине, бұлай айту қиын. Негізінде жыл санап халықтың экономикалық сауаты артуда. Дегенмен сауатты, экономикалық болжам жасайтын мамандар тапшы екені жасырын емес. Осы тұста билік білікті кадр мәселесін оңтайлы шешсе, халықтың да қаржылай сауаты артады.
–Экономика саласына деген жастардың қызығушылығы төмен. Қалай қызықтыруға болады?
– Бүгінде ақпараттық заманның жастары қалыптасуда. Олар ақпаратты жылдам қабылдайды, қорытады. Дегенмен экономика саласы күрделі болғандықтан зерттеуді, сараптауды талап етеді. Яғни қосымша күш пен білім, уақыт қажет. Сол себепті болар жастардың бұл салаға қызығушылығы төмен.
– Бүгінгідей қысылтаяң уақытта экономикамызды тығырықтан алып шығатын жол бар ма?
– Қандай қиындық болмасын барлығының шешімі бар. Бірақ ұзақ уақыт қажет. Әрбір қиындықтың артында бір жаңашылдық жатқанын естен шығармау керек. Елдегі төтенше жағдайдан кейін осы күнге дейін қолданыста болған дәстүрлі әдістер мен тәсілдер жаңарады. Мұның барлығы уақыт еншісіндегі дүние. Дегенмен білім саласына күш салып, зерттеулер жүргізу қажет. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, зерттеу саласы дамыған елдер көшбасында тұр. Мысалы, Қытайда білім алып жүргенімде профессорлар "Енді Қытай ішкі нарықты дамытуға барын салады" деген еді. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр Өйткені ішкі нарық ешкімге тәуелді болмаса, сол елдің экономикасы алға жылжиды. Ал біздің елге осы тұста ауыл шаруашылығы саласы мен тоғыз жолдың торабында жатқан транзитті жолымызды дамытсақ, игі бастама болар еді.
– «Rysqulov Analytics» әлеуметтік-экономикалық зерттеу орталығының мүшесісіз. Алда қандай жоспарларыңыз бар? Қай тақырыпта зерттеулер қызықтырады?
– Білім саласымен қатар экономика саласына зерттеу жүргізу жоспарда бар. Нақты айтар болсақ, 2020 жылы бітірген түлектер еңбек нарығына қаншалықты араласуда. Яғни оқыған мамандағына сай жұмыс тапты ма, осы мәселені толыққанды зерттейміз. Сонымен қатар туризм, шағын, орта бизнес, білім сияқты сала бойынша зерттеулер жасалды. Дегенмен алдағы уақытта жалпы экономика тұрғысында ауқымды зерттеулер жасалады.
– Әңгімеңізге рақмет
Сұхбаттасқан Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ