ЕУРОПАНЫ ТАҢҚАЛДЫРҒАН ТУРНЕ (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қазақтың кеңдігі мен дархандығын батыс жұртшылығына көрсету арқылы елдегі туристік әлеуетті арттыруды мақсат еткен «А1» продюссерлік орталығы жас өнерпаздармен Еуропа қалаларында (Монте-Карло, Канн, Париж) «Ұлы даланың жеті қыры» атты концерттік турне өткізді. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы негізінде «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған гастрольдік сапар барысында талай қызықтар, шексіз алғыс пен ерекше сәттер көп болды. Ендеше, суреттер сөйлесін. 1-күн. Монте-Карло, Монако княздігі Варьете театры Калипсо де Сигальди –AIDA мәдени ассоциациасының Монакодағы вице-президенті Концерт аншлагпен өтті, құттықтаймын. Монакода мәдени іс-шаралар өте көп ұйымдастырылады, сондықтан залдың толы болуы өте сирек жағдай. Ұйымдастырушылардың көп еңбектенгені көрініп тұр. Коцерттің шымылдығын ашқан T&Y домбырашылар дуэті Тұран этно-фольклорлық ансамблінің сиқырға толы сахналық қойылымы «Шарын шатқалы қобыз арқылы үн қатқандай…» Айдана Қаржаубаева – халық әні «Ой көк» Ақпарттық қолдау көрсеткен шетелдік әріптестер, Monaco Channel TV (Монако ұлттық телеарнасы) 2-күн. Канн, Франция Канн қаласының мэрі Давид Лиснар мырза ортекенің конструкциясына қызығып тұр Давид мырзаның көзіне «оттай басылған» ортеке Кештің құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Француз, Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жан Ғалиев мырза 3-күн. Париж, Франция Корто камералық залы Делебесі қозған домбырашы жігіттер «Қара жорға» биін билеп жүр Темірлан мен Ернатты жалғызсыратпау үшін дәстүрлі әнші Айдана Қаржаубаева мен концертке келген көрермендер де сахнаға шығып, қосыла биледі Ата жұртты
сағынған ағайынның алғысы Қорытынды концерттің қоштасу сәті Көпжасар Нұрғазыұлы – М.Шоқай атындағы қазақ-француз қоғамдық қорының президенті Ұлтшылдығымыз, қазақшылығымыз, өнеріміз, әніміз бен биіміз, күйіміз бізге ғана емес, осындағы француз халқына да ерекше әсер етті. Концертте жанымда екі француз келіншек отырды, жылап жібере жаздады. Біздің ұлттық өнеріміздің әсер еткені соншалық, әлгі екі келіншек жазда Қазақстанға баратын болды. Осындай концерттердің арқасында Қазақстан шетел азаматтарына танылып жатыр, ұйымдастырушылар туризмді дамытуға айтарлықтай үлес қосты деуге болады. Ақпараттық қолдау көрсеткен «Toute la culture» ақпарат агенттігі Еуропалық көрермен қазақтың бай салт-дәстүріне таңдай қағысып, ұлттық өнерге лайық бағасын берді. Өнер көрсеткен әртістерді ұзақ уақыт қошеметтеп, ерекше әсер сыйлағандары үшін алғыстарын жаудырды. Осылайша талайдың көкейінде жүрген игі іс сәтімен жүзеге асты. Сабақты ине сәтімен деген осы болар…

Толығырақ: aikyn.kz