» » Медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлық туралы қайда хабарлау керек?

Медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлық туралы қайда хабарлау керек?

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтардан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауды сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-30 қазан аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетіні хабарланды.
«Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді b.aitbaev@anticorruption.gov.kz, tolybekov.n@anticorruption.gov.kz электрондық мекенжайларға және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Сізге сыбайлас жемқорлық туралы белгілі болса, сіз 1424 CALL-орталығына 24/7 режимінде хабарласа аласыз», – делінген хабарламада.
26 қыркүйек 2020 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031