Жемқорлардың жүрмейтін жері жоқ
Жемқорлардың жүрмейтін жері жоқ па дерсіз. Тіпті мемлекеттік бағдарламаларды да былықтырған. Тарқатып айтайық.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2020 жылдың 6 айында істеген жұмыстарының қорытындысын жариялады.
Департаментпен 2020 жылдың 6 айында 95 қылмыс тіркелген. Олардың 55-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс.
- Ауыр санаттағы 55 ;
- Аса ауыр 2;
- Мемлекеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша 47;
- Парақорлық фактілері бойынша 30;
- ШОБ қызметіне заңсыз араласу 5;
- Мемлекеттік бағдарламаларды игеру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы 17 қылмыс анықталған.
Сыбайлас жемқорлық үшін 34 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол азаматтардың 4-еуі облыстық деңгейдегі бірінші басшылар. Сотқа 92 қылмыстық іс жолданыпты. Олар бойынша мемлекетке 831 941,4 теңге көлемінде залал келтірілгені анықталып, 825 546,3 теңге, яғни 99,2 % өндірілген.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жұмысының басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Жүргізіліп жатқан жұмыс азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жедел ден қоюға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екі бағытты қамтиды – бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру" - дейді аталмыш мекеме басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.
2020 жылдың жарты жылдығында 6 мемлекеттік мекемелерге атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық ішкі саясат басқармасының, экология департаменті және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, облыстық агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының және облыстық Ветеринариялық бақылау инспекциясының қызметтеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сыртқы талдау жүргізілген.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында 24 ұсыныс енгізілді. Бүгінгі таңда 7 ұсыныс орындалды. Талдау субъектілерімен 3 нормативтік актіні бекіту қамтамасыз етілген.
Арнайы мониторингтік топтың (бұдан әрі АМТ) мүшелерінің және "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуымен 9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг (1 кешенді және 8 тақырыптық) жүргізілді, 28 ұсыныс әзірленген.
Мониторинг объектілері болып орта білім беру мекемелері, жерлеу қызметтерін көрсететін ұйымдар, әлеуметтік қызметтерді субсидиялау мәселелерімен айналысатын квазимемлекеттік сектор ұйымдары, ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру рәсімдерімен байланысты жер қатынастары салалары және қызметтік тұрғын үй қорын басқару салалары болып табылды.
Гүлбану МАҚАЖАН