» » Санитарлық нормалар сақталмаса, қатаң карантин енгізілуі мүмкін – Цой

Санитарлық нормалар сақталмаса, қатаң карантин енгізілуі мүмкін – Цой

   Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік шараларды күшейтуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Біз денсаулық сақтау саласын дайындап қойдық. Оны талай рет айттық. Ауруханадағы төсек орындардан бастап жасанды тыныс алдыру аппараттарына дейін бар. Бірақ бір нәрсеге кепілдік бере алмаймыз. Ол – әрбір адамның сақтық шараларын сақтап жүруі. Өкінішке қарай, бүгінде барлығы бірдей арақашықтықты сақтамайды, бетперде тақпайды», – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, бүгінде санитарлық нормаларды бұзу фактілері азаймай отыр. Айыпұл көлемі өсіп келеді. Осының өзі халықтың санитарлық нормаларды сақтау дәрежесін көрсетеді.
«Әзірге жағдай тұрақты. Бірақ санитарлық нормалар сақталмаса, карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін. Сондықтан барлығы өз қолымызда. Егер сақтық шараларын сақтасақ, карантин енгізбеуге болады деп ойлаймын. Ал тәртіп бұзушылықтар тыйылмаса, қатаң карантин енгізу туралы кеңес беруге тура келеді», – деп түсіндірді Цой.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 5 қазаннан бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қосымша шаралар енгізіледі. Олар:
  • басқа елдермен әуе рейстерін қалпына келтіруді тоқтату;
  • бұған дейін ашылған әуе рейстерінің санын көбейтпеу;
  • Түркияға рейстерді қысқарту.
Бұдан бөлек, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін міндетті талаптар бекітілді. Олар:
  • Дене қызуын өлшеу;
  • Сауалнама;
  • Коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама (мерзімі – 3 тәулік).
03 қазан 2020 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031