» » Қазақстанда қатаң карантин қай кезде енгізіледі

Қазақстанда қатаң карантин қай кезде енгізіледі

   Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қатаң карантин енгізудің басты талабын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Бұл туралы Бағдат Қожахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. "Бұған дейін біз қажет болса, коронавирус инфекциясына шалдыққандар үшін 70 мыңнан астам орын ашылуы мүмкін екенін айтқан едік. Соның ішінде 51 мың орын стационарларда, яғни ауруханаларда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, егер осы 51 мың орынның 70 пайызы толып қалса, қатаң карантин шараларын енгізуге тура келеді", - деді ол. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, қатаң карантин шараларының барлығы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген. "Дегенмен, оған дейін бармайды деп сенеміз. Қазіргі жағдай тұрақты, науқастар мен құрбандардың саны күн сайын төмендеп келеді. Бұл дегеніміз, санитарлық нормалар жақсы сақталып жатыр. Әрине, барлығы өзімізге, қоғамдық тәртіпке байланысты болмақ", - деді Бағдат Қожахметов.
28 қыркүйек 2020 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930