» » Министрлік қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты

Министрлік қатаң карантин қандай жағдайда енгізілетінін айтты


Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов қандай жағдайда қатаң карантин енгізілуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Онлайн брифингте БАҚ өкілі министрлік өкілінен коронавирустың екінші толқыны кезінде ең жаман сценарий қандай болатынын сұрады.
«Қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, елде орташа есеппен 500-600 адам коронавирус пен ковидтік пневмонияға шалдығып жатыр. Егер бұл цифр 30 мыңға жетсе, елде қатаң карантин шараларын енгізуге басты сигнал дәл осы болады», – деді Қожахметов.
Ол бүгінде денсаулық сақтау жүйесі стационарларда бір мезетте 70 мыңнан астам төсек-орын ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.
Қазақстанда 13 наурыздан бері барлығы 107 134 адам коронавирус жұқтырды, 1689 науқас қайтыс болды.
1 тамыздан бері ковидтік пневмонияға шалдыққандар саны 30 579 пациентке жетті. 337 адам көз жұмды.
19 қыркүйек 2020 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930