» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

Тоқты
Келер күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз. Қызметте біршама өзгерістер болады. Шығармашылық жолда жүрген жандардың өмірі жаңа шабытқа толы болады.
Торпақ
Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалыстың өзі жеке өмірде үлкен проблеманың туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударған жөн. Бұл апта сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де көресіз.
Егіз
Достарыңызбен жүздесулеріңіз мүмкін. Олар сізден үлкен жауапкершілікті күтеді. Ең бастысы, бұл апта сізге жағымды жаңалықпен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай жағдайда да өз-өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз.
Шаян
Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына өте ауырға түсетін дүние. Жұлдыздар барлық жақсы-жаманды айырып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз әбден мүмкін. Дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз. Өмір ақ, қара жолақтардан тұратынын ұмытпаңыз.
Арыстан
Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде демекші, күннің көзі салқындау күндері далаға шығудан бас тартқан жөн. Аптада отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіп, өзіңізге берік болған абзал.
Бикеш
Қыдыруға дайындалып жатқандардың жолы болмақ. Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да қалтаны қағыуы әбден мүмкін.
Таразы
Келер күнде өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл күн ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауға кеңес береді. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз да біраз тыныштыққа кенелетін болады.
Сарышаян
Бұл күні құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз. Ұзақ уақыт мазалаған шаруалар оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Бақытты кезеңдерді отбасыңызбен немесе жақын адамдармен бөліскен дұрыс. Ең бастысы, салмақтық пен сабырлық таныта біліңіз.
Мерген
Жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет. Абайсыздан жақын адамның көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Сондықтан ашуыңызды жүгендеуге тура келетін болады. Жалпы бұл күні өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын, барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.
Тауешкі
Жақындардан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктерді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.
Суқұйғыш
Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Қызметте бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындардың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді
Балық
Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керегі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
09 қазан 2020 ж. 356 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031