Ерекше жұлдыз-жорамал
(12-19 сәуір)
ТОҚТЫ
Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керегі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болу үшін аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
ТОРПАҚ
Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Қызметте бірқалыпты болғанмен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік береді.
ЕГІЗ
Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.
ШАЯН
Жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз ықтимал. Сондықтан сабырлы болуға тырысыңыз. Бұл апта жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын, барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.
АРЫСТАН
Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешімін тауып, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Қызметте және оқуда жетістіктер күтіп тұр. Ең бастысы салмақтылық пен сабырлылық таныта біліңіз.
БИКЕШ
Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл аптада жұлдыздар белсенді болмауға кеңес береді. Іскерлік жағдай да біраз тыныштыққа кенеледі.
ТАРАЗЫ
Дос-жаранның ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болмаңыз. Бос уақытты тиімді өткізуге талпыныңыз.
САРЫШАЯН
Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп, салқын күні далаға шығудан бас тартыңыз. Отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіп, жақындарыңызға көңіл бөліңіз.
МЕРГЕН
Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына өте ауырға түсетін дүние. Аптада жұлдыздар барлық жақсы-жаманды ажыратып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлылық танытыңыз.
ТАУЕШКІ
Сізден достарыңыз жауапкершілікті күтеді. Ең бастысы бұл апта сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызды да тарту етпек. Қандай жағдай болмасын өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалыстың өзі жеке өмірде үлкен мәселенің туындауына алып келеді. Сондықтан белсенділік танытып, барлық іске тиянақтылықпен қараған жөн.
БАЛЫҚ
Келер күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған ісіңізде жетістікке жетесіз. Шығармашылық жолда жүрген жандардың өмірі жаңа шабытқа толы болмақ.