Жұлдыз – жорамал
Тоқты
Келер күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық қызметте жетістікке жетесіз. Шығармашылық жолда жүрген жандардың өмірі шабытқа толы болады.
Торпақ
Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалыстың өзі жеке өміріңізге үлкен мәселенің туындатуы мүмкін. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударған жөн. Апта қиындау болғанмен, кейін жемісін көресіз.
Егіз
Көптен күткен досыңызбен жүздесуіңіз мүмкін. Сізден ол үлкен жауапкершілікті күтеді. Ең бастысы бұл апта сізге жағымды жаңалық тарту етеді. Қандай жағдайда да өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз.
Шаян
Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына ауырға түсетін дүние. Аптада жұлдыздар барлық жақсы-жаманды ажыратып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достардың сатқындығын сезгендей болуыңыз мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз.
Арыстан
Алға қойған армандарды орындайтын кез келді. Аптада қызметіңіз ауысып, мансапта жоғарлауыңыз мүмкін. Жұлдыздар қаржыны онды-солды шашпауға кеңес береді. Сондай-ақ отбасыңызды алдыңғы қатарға қойған жөн.
Бикеш
Қыдыруға дайындалып жатқан жандардың жолы болмақ. Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кешті өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыз. Бұл қуаныш сіздің қалтаңызды қағып қалуы әбден ықтимал.
Таразы
Келер күнде өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл апта ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауға кеңес береді. Асықпай-аптықпай жасаған істің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз да біраз тыныштыққа кенеледі.
Сарышаян
Бұл апта құлағыңызды жағымды жаңалыққа түре жүріңіз. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруалар оңынан шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Бақытты сәтті отбасыңызбен немесе жақын адамдармен бөліскен дұрыс.
Мерген
Жеке өмірге ерекше назар аудару қажет. Абайсыздан жақын адамның көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Сондықтан ашуыңызды жүгендеуге тура келеді. Жалпы бұл апта өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын бәрін таразылап көрген жөн.
Тауешкі
Жақындардан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктерді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.
Суқұйғыш
Адамның жаман қасиетіне назар аудармаған жөн. Қызметте бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындардың жаман жағын емес, жақсылығын көре білген өзіңізге де жеңілдік алып келеді.
Балық
Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керегі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.