» » Карантин ұзартылды

Карантин ұзартылды

    Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
    Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың карантинді үзарту туралы қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес Шымкентте шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.
Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады.
«Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек», – делінген қаулыда.
Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған.
Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

09 қазан 2020 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031