» » Оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру жайлы айтылды

Оқушыларды дәстүрлі форматқа ауыстыру жайлы айтылды

   Қазіргі кезде мектептерді дәстүрлі білім алу жүйесіне ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.  
Оның айтуынша, президенттің тапсырмасы аясында бүгінде салалық мемлекеттік органдар дәстүрлі білім алу жүйесін кезең-кезеңімен жеңілдету мәселесін қарастырып жатыр. Ол балалардың қашықтан білім алуы елдегі жағдайға байланысты екенін айтты.  Сонымен қатар, кей өңірлерде мектептер бір-біріне жақын орналасқан, яғни бір кезеңде өте көп оқушы сабаққа баратынын алға тартты.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенсек, 12 жастағы және одан үлкен балалар арасынды COVID-19 тез таралады. Елімізде ағымдағы жылдың 4 қазаны бойынша оқушылар арасында коронавирус 136 баладан анықталды. Олардың 51-і кезекші сыныптардың оқушылары болса, 85 бала қашықтан білім алып жүр", – деді премьер-министр.
Биыл республика бойынша 3,4 млн бала мектепке барды. 2 613 428 оқушы қашықтан білім алса, 252 343 бала штаттық режимде оқиды. Ал 546 776 оқушы кезекші сыныптарға барып жүр.
12 қазан 2020 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031