Қызылордада 1 күнде заңсыз айналымнан 11 дана қару тәркіленді
Қызылорда облысы көлемінде заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында қазан айының 16-21 күндері аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылған.
Іс-шараның 1 күнінде облыс көлемінде 2485 қару иелері тексеріліп, 37 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 11 дана қару тәркіленді.
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін 69 қару иесі емтихан тапсыруға жолданды.«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 484-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) 14 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 14 азаматқа әкімшілік шара көрілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.