» » ПОЛИЦИЯ «КВАДРАТ» ӘДІСІНЕ КӨШТІ

ПОЛИЦИЯ «КВАДРАТ» ӘДІСІНЕ КӨШТІ

Қызылордалық полицейлер облыс орталығында «Квадрат» әдісі бойынша профилактикалық іс-шарасын өткізді, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл әдіс полиция қызметкерлерін бір мезетте белгілі бір аумаққа жұмылдырып, жылдам әрі нәтижелі жұмыс істеуіне арналған. Полицияның "квадрат әдісіне" көшуіне тұрғындардың да шағындары себеп болған. Қызылорда қаласы орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын және сауда нүктелері мен ойын-сауық орындары көптеп орналасқан «Универсам» деп аталып кеткен қалалық полиция басқармасының №10 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аймағына қарасты Абай даңғылы, Панфилов, Бектұрғанов және Мұратбаев көшелерінің квадратында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары тексерілген. Қысқа мерзімді жедел профилактикалық іс-шараға қалалық полиция басқармасының учаскелік және патрульдік полиция, әкімшілік полиция бөлімі, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы, қабылдау-тарату және әкімшілік қамау орны қызметкерлерінен барлығы 30 қызметкер 5 автокөлікпен жұмылдырылған. Іс-шара кезінде мөлтек ауданда орналасқан барлығы 15 көп қабатты тұрғын үйлердегі полицияның профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын 23 азаматтар және 20 азаматтық қару иелері мекен-жайлары тексерілген. Мұнан бөлек, ішімдік құмар азаматтардың жиналуы мүмкін орындар, жертөлелер, шатырлар бұзылған ғимараттарды да полиция тексеріп шықты. Тексеру кезінде осы аулада орналасқан Чайковский № 8 үйдің ауласындағы жеке гараждардың маңынан өмірдің қиын жағдайына душар болған тұрғылықты мекен-жайлары беймәлім, ішімдікке қатты салынған барлығы 12 азаматтар мен 3 азаматшалар, барлығы 15 ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілген.
Іс-шараға жұмылдырылған учаскелік және патрульді полиция қызметкерлерімен тұрғын үйлердің аулаларында спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде қоғамдық орындарда жүргендері үшін 8 азамат жеткізіліп, олардың 3-уі бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жатқызылды. Олардың барлығына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара барысында учаскелік полиция, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторымен барлығы 20 қару иелері мекен-жайларынан тексерілсе, ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі яғни, «қаруды сақтау ережесін бұзу» дерегімен бір азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, қаруы уақытша тәркіленді. Аталған бағыттағы жедел профилактикалық іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын таппақ.

31 шілде 2019 ж. 542 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031