Ілгері басудың серпінді қадамы

Президент кеше ҚР Парламентінің мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуін жариялады. Саяси шараның мерзімі белгіленді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы үлкен саяси науқанның табысты өтуі үшін оның алдын ала алғы шарттары жасалғанын атап көрсетті. Бұдан шығатын қорытынды сайлау бұрынғыдан өзгешелеу сипатта болады. Оның демократиялық деңгейде өтетініне сеніміміз мол. Себебі, Президент қоғамның саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейтуді алдын ала тиісті шаралармен қамтамасыз еткен болатын. Осы бағытта қажетті шешімдер қабылданды. Парламенттік оппозиция өкілдеріне сессия кезінде бірқатар артықшылықтар берілетін болды. Осының барлығын Президенттің кепілдігі деп түсінгеніміз абзал. Өйткені, Қазақстан әлемдік өркениеттің құрамдас бөлшегі ретінде алға жылжудың батыл қадамдарын жасап отыр. Бұл алдағы сайлаудың басты ерекшелігі болады деп есептеймін.
Уәлихан Ибраев,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты