Достығымыз жарасқан

Аталмыш шараға бірлесе жұмыс жасау мақсатында арнайы Меморандумға қол қойылған «Болашақ» университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, «Ақмешіт» институты және «Ақмешіт» колледжінің тәрбие саласы бойынша бөлім басшылары мен облыстық "Волонтёрлер Фронт Офисінің" 7 бағытының жетекшілері мен үздіктері арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Қайырбекұлы кеш барысында қыркүйек және қазан айын үздік бағаланған жастарды Алғыс хат және арнайы естелік сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, өңірдегі оқу орындары да үздік жастарды марапаттады.
Іс-шара соңы жастардың концерттік бағдарламасына жалғасып, оларға арнайы сертификат пен футболкалар табысталды.
Қызылорда облысы ТЖД