» » Үздік ғылыми жоба

Үздік ғылыми жоба

  Жуырда Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық - ресурстық орталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  Достық үйінің акт залында және  Облыстық жастар орталығының акт залында  "Өнер фестивалі-2019" өнер байқауы ұйымдастырылды. Өнер байқауы 7 түрлі жанрды қамти отырып және «Үздік ғылыми жоба» байқауы өткізілді. Байқау өте тартысты және қызықты өтіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 100-ге жуық жас таланттарды қамтыды. Жанр түрлері: Халық биі, Заманауи би, Эстрадалық ән орындау, Ерекше жанр, Шығарма, Жас суретші, Қолөнер. Өнер фестиваліне Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М.Маметова атындағы педагогикалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, Болашақ университетінің жас таланттары қатысты. Өнер фестивалінің қорытындысы бойынша 5 қазан күні гала концертте жүйрік шыққан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  өнерпаздары 1 орын иеленіп теледидармен, Болашақ университетінің өнерпаздары 2 орын музыкалық жиынтықпен, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжі 3 орын қысқатолқынды пеш және арнайы статуэтка, диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Жас таланттарға алдағы уақытта сәттілік тілей отыра, алғыс білдіреміз!
10 қазан 2019 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930