» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ПІКІР – САЙЫС ТУРНИРІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ АЛҒАШҚЫ ОНЛАЙН ПІКІР – САЙЫС ТУРНИРІ

 29 сәуір күні Республикалық деңгейде алғаш рет «Қашықтан оқыту: артықшылығы мен кемшіліктері» атты пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Жобаны ұйымдастырушылар: Қызылорда «Болашақ» университеті және Қазақстан жас ғалымдар қауымдастығы.
Шара мақсаты – карантин жағдайында жүзеге асырылып жатқан қашықтан оқытудың артықшылығы мен кемшіліктерін, туындаған проблемаларды шешу жолдарын анықтау болып табылады.
Жарысқа республикамыздың әр түкпірінен төмендегідей 7 жоғарғы оқу орындарының құрамалары қатысты:
1. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті;
2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
3. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
5. Болашақ университеті;
6. Сырдария университеті ;
7. Қазақ ұлттық аграрлық университеті.
Екі күнге жалғасқан тартысты доданың нәтижесінде төрешілер шешімімен – Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді;
I орын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
II орын – Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
III орын – Болашақ университеті, Сырдария университеті және Қазақ ұлттық аграрлық университеті иемденді.
Ал Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы – І ДӘРЕЖЕЛІ ҮЗДІК СПИКЕР атанды.
Сонымен қатар, жеке номинациялар бойынша:
Қаппарова Несібелі Аралбайқызы – ҮЗДІК СПИКЕР;
Демеуова Жансая Ерланқызы – ҮЗДІК СПИКЕР;
Бекмаханова Назерке Маратқызы – ҮЗДІК СПИКЕР;
Уалиева Анель – ҮЗДІК СПИКЕР;
Дакей Бота – АЛҒЫР СПИКЕР;
Тұрсынқожа Елзира – ҮЗДІК СӨЗ САПТАУ;
Ердаулет Ернарұлы – ҮЗДІК СҰРАҚ;
Ысқақов Мағжан – БЕЛСЕНДІ СПИКЕР;
Алтынбекова Айсана – ҰТҚЫР СПИКЕР;
Нұрланқызы Венера – САЛМАҚТЫ СПИКЕР;
Мамадияр Мұстафаәли Рахматиллаұлы – БАТЫЛ СПИКЕР.
Аталмыш турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік дипломдар және сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды еңбектерінің нәтижелерімен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да оқу орындары арасындағы әріптестік байланысты одан әрі дамыту, студенттердің сабақтын тыс уақытын тиімді өткізу және өзіндік ой пікірін еркін жеткізіп, көшбасшылық қабілеттерінің дамуына ықпал жасау мақсатында онлайн шараларымыз үздіксіз жүргізілетін болады.
05 мамыр 2020 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930