» » Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді

Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді

Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайдыбанктің баспасөз қызметі.
Kaspi.kz сервисінің жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайдыбанктің баспасөз қызметі.
– Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызметтер жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін біз шын жүректен кешірім сұраймыз және сүйікті клиенттерімізге: «Қолдау білдіргендері үшін рахмет!». 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi Gold және Kaspi Red арқылы Kaspi QR арқылы төлем жасаған кезде біз әр сатып алу үшін 5 пайыздық бонустар сыйлаймыз. Жөн-жосықсыз адамдардың жалған хабарламаларына назар аудармаңыздар. Біз әрдайым сүйікті клиенттерімізді әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы болған жағдайлар туралы шынайы ақпараттан құлақтандырып отыратын боламыз, – делінген хабарламада.
28 қазанда таңертең қазақстандықтар банкке кибершабуыл жасалып, үлкен ақша ұрланды деген хабарлама алып, дүрлікті. Оған қоса кейбір азаматтар Kaspi.kz қосымшасы арқылы шотынан ақшасын таппай қалса, ал кейбіреуі түсініксіз түрде ақша үстемеленгенін анықтады. Банк хабарлама дерегін жоқққа шығарды, техникалық ақау болғанын, клиенттердің ақшасы өз орнына түсетінін айтып сендірді.
28 қазан 2020 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031