» » Интернет алаяқ ұсталды

Интернет алаяқ ұсталды

Қызылордада интернет арқылы адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл пайда табамын деп жоспарлаған алаяқ 63 жастағы азаматтан “арзан бағамен дөңгелек алып беремін” деген желеумен 1 миллион 200 мың теңгеден астам ақшасын алып, уәдесін орындамаған.
Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жаңақорған кентінің 33 жастағы тұрғынын ұстады. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған алаяқ кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1- бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұдан басқа аудан полицейлері оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатысы бар-жоғын анықтайды.
egemen.kz
28 қазан 2020 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031