Студенттер медициналық қызметтерді тегін алады

Ендігі кезекте бұл студенттерде қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері сияқты МӘМС шеңберінде медициналық көмектітегін алатын болады. Студенттер сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін растау үшін "электрондық үкімет" порталында тіркеуден өтулері қажет. Кейін білім алушыға қатысты мәліметтер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.Нәтижесінде студенттер МӘМС шеңберінде жеңілдіктер санатына енгізілетін болады.
«Студенттер өтініштерін министрдің блогына да жолдады. Біз бір денәрекет жасап, олардың "электрондық үкімет "порталы арқылы тіркелуі үшін қажет жағдай жасадық. Осылайша 10 күннің ішінде "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" қызметін 250-ге жуық адам пайдаланған. Ендігі кезекте олар медициналық қызметтерді тегін ала алады», – деп жазды Білім және ғылым вице-министрі Р.Биғари Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстандық оқушылар мен студенттер міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметтерді тегін алатынын естеріңізге сала кеткен жөн.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі