» » Дәрілерді қымбат бағада сатқан

Дәрілерді қымбат бағада сатқан

Дәрі-дәрмектерді қымбат бағада сатушылардың және алып сатарлардың жолын кесу мақсатындағы облыстық прокуратурамен мобильді топтардың жұмысы ұйымдастырылды.
Облысымызда қызмет көрсететін 328 дәріхананы аралап және түрлі тәсілдермен дәрілік заттарды сатушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнге дейін дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан 33 дәріхана, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілерді сатқан 4 дәріхана мен 4 жеке тұлға, арнайы рұқсатсыз және тиісті тіркеусіз жұмыс істеген 1 дәріхана мен 2 жеке тұлға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 17 жеке тұлға анықталып, жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, Қызылорда қаласында фармацевтикалық қызметтің рұқсатынсыз (лицензия), кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелместен дәрі-дәрмек сататын және қосымша заңсыз медициналық қызмет көрсететін дәріхана анықталды. Аталған дәріханадан 517 түрлі 9,5 мың дәрілік заттар алынды.
Соттың қаулысымен дәріхана иесіне 223 мың теңге айыппұл салынып, қаулы күшіне енген соң дәрі-дәрмектер мемлекет пайдасына тәркілеуде.
Жалпы мобилді топтармен 566 түрлі 10,0 мың қорап препараттар мен 2,5 мың қорғаныш маскалары алынып, медициналық ұйымдарға берілді.

Қызылорда облысының прокуратурасы
29 қазан 2020 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031