» » Қызылордада заңсыз дәрі сатудың 23 дерегі анықталды

Қызылордада заңсыз дәрі сатудың 23 дерегі анықталды

 Қызылордада заңсыз дәрі-дәрмек сатудың 23 дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Оның 11-і заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, дәрілік заттарды жоғары бағада сатқан», – деді өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс -қимыл басқармасының бастығы Ерболат Төреахметов мәлімдеді.«Аймақта «Дексаметазон» дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампуласы 1500 теңгеден сатылған. Оның тегін берілуге жататыны немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізілуде», – деді экономикалық тергеу басқармасының басшысы Ардақ Биғалиев.
Мұнан өзге, облыс дәріханаларының бірінде елімізде тіркелмеген дәрінің сату фактісі анықталды.
– Департамент қызметкерлері жасырын сатып алушы ретінде дәріханаға барып, тексеру жүргізді. Тексеру барысында сатып алынған вирусқа қарсы «Осельтамивир-Акрихин» дәрісінің бір қорабы 8 521 теңгеден екенін анықтады. Оның жалпы сомасы 25 563 теңгені құрады. Аталған факт бойынша жинақталған материал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді, – деді А.Биғалиев.
15 шілде 2020 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031