» » Коронавирус «D» дәрумені жетіспейтіндерге жұғып жатыр

Коронавирус «D» дәрумені жетіспейтіндерге жұғып жатыр

Әлемде короновирус індетін жұқтырғандардың көбі «Д» дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шеккен. Мамандардың айтуынша, организмнің ковидке қарсы тұруы үшін дәл осы витаминнің пайдасы орасан зор. Себебі, ағзада бұл элемент тапшы болса адам кез-келген ауруға бейім болып келетін көрінеді. Одан бөлек осы дәруменнің жоқтығы жұқпалы аурулар, қант диабеті, бедеулік, семіздік, асқазан ішек жолдары, тіпті қатерлі ісік ауруына әкелуі мүмкін. Ал отандастарымызда бұл витамин тапшылығы бар ма?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Короанвируспен күресте халық жаппай түрлі дәрумендерді қабылдап жатқаны белгілі. Жуырда шетелдік ғалымдар Ковид-19 жұқтырғандардың көбінде «Д» витаминінің жетіспеушілігін анықтаған.
Педиатр-дәрігер Ғалия Батыржанқызы да бұл пайыммен келіседі. Оның айтуынша, дәл осы витамин иммунитетті көтеруде үлкен рөл атқарады екен.
Д дәрумені бұл ауызға, адамның ағзасына түскенге дейін ол дәрумен болады. Ал адамның ағзасына түскен шақтан бастап прогармон болып табылады. Прогармон бұл рецептрлардың бәрін тітіркендіріп бүкіл ағзаға қарсы тұруына да рөл атқарады. Айтып кеткендей, көптеген ауырған адамдар да Д дәрумені жетіспеушілігі өте жоғары деңгейде болған. Ал қарсы тұра білген ағзада және жеңіл өткен адамдарда Д дәрумені ағзада жеткілікті болып есептелген, дейді педиатр-дәрігер Ғалия Батыржанқызы.
Елімізде коронавирус жұқтырғандар арасында балалар да бар. Ал, мамандар түрлі ауруларға төтеп беру үшін «Д» витаминін бала күннен қабылдауды әдетке айналдыру керек дейді. Бұл кеңесті бұлжытпа йорындапр жүргендердің бірі елордалық көпбалалы ана Гүлвира Балтабаева. Ол балаларына тұрақты түрде «Д» дәруменін беретінін айтады.
Мен негізі көктем және күз айларында беріп отырам, екі мезгіл. 3 ай курс ішкізіп отырам балаларыма . Ол жаңағы таблетка түрінде болмаса в жидком виде деп жатады сұйық, сироп сияқты міндетті түрде таңертең және кешкісін тамақ уақытысында балаларыма беруге тырысамын, дейді қала тұрғыны Гүлвира Балтабаева.
Қысқасы, «Д» дәрумені ағзада жеткілікті болса кез келген ауруға төтеп береді.
Дәрігерлер фармкомпаниялардың ұсынып отырған препараттарынан гөрі витаминдерді азық-түліктен алған дұрыс дейді. Мәселен…
Д» дәрумені өте көп мына балықта. Біздің қазақ сол кішкене балықты жемейміз ғой, және де оның құрамында омега да бар. «Омега 3» деп аталады, ағзамызға өте жақсы қызмет атқаратын витаминдер бар. Одан қалды жаңағы брокколи, шөпті нәрселерде өте көп, дейді педиатр-дәрігер Ғалия Батыржанқызы.
Айта кетейік, Д дәрумені сары май, балық, ет, сарыуыз, ірімшік, жұмыртқа, сүт, саңырауқұлақтың құрамында жеткілікті мөлшерде бар! Дегенмен дәруменінің негізгі қайнар көзі – күн сәулесі!
03 қараша 2020 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031