Ұшатын көлікке қашан мінеміз?

Байкар компаниясының Twitter-дегі ресми парақшасындада Cezeri деп аталатын ұшатын автокөлік прототипінің бейнежазбасы жарияланды. Хабарламада «ұшатын көліктің ұлттық деңгейде әзірленгені және болашақ жарыстарға дайын екені» жазылған. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл көлік 100 км / сағ жылдамдықпен 2 км биіктікке дейін көтеріле алады. Автокөлік сегіз электр қозғалтқышы мен бұрандасы бар батареялармен жұмыс істейді, сондай-ақ 80 км-ге дейінгі қашықтықта ұша алады.
Мамандар тұрғындардың пилот көмегінсіз, ақылды техника арқылы саяхаттағанын қалайды. Нәтижесінде осындай қайталанбас құрылғы құрастырылып, қыркүйек айындағы сынақтан сәтті өткен.
Автокөлік нарыққа 10-15 жылдан кейін шығуы мүмкін деген болжам бар. Оған дейін тұрғындарға үйреншікті жол, күнделікті көлікпен жүре беруіне тура келеді.