» » ҚАЗАҚСТАНДА 1 ШІЛДЕДЕН ЭЛЕКТРОНДЫ КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА 1 ШІЛДЕДЕН ЭЛЕКТРОНДЫ КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

 Қазақстандық автобизнес қауымдастығы электронды көлік құжаттарының енгізілуіне атсалысады. Бұл туралы қазақстандық автобизнес қауымдастығының Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Электронды құжатта автокөлік туралы толық мағлұмат болады. Оның ішінде көлікке қойылған шектеулер, қызмет көрсетудің сапасы мен көлемі, жол-көлік апаттарында белгілі бір көліктің қатысы бар-жоғы көрсетіледі.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап автокөлік құралдарының электронды құжаттарына көшу Еуразиялық экономикалық одақта құжаттардың өңделуін жеңілдетеді және бизнестің операциялық шығындарын азайтады. Сондай-ақ көлік құралдарын пайдаланудың барлық кезеңін ашық түрде қадағалауға мүмкіндік береді.
Электронды төлқұжатта автокөлік немесе мотоцикл туралы мәліметтер ЕАЭО-ға шығарылған немесе импортталған сәттен бастап жазылады. Сондықтан бұл ақпаратты бұрмалауды қиындатады. Мұндай құжаттардың баламасын жасау мүмкін емес. Болашақта автокөлік сатып алар кезде кез келген адам көлік туралы толық ақпаратты арнайы порталдан көре алады.
Электронды құжаттарға көшу жұмыстары біртіндеп жүргізіледі. Құжат ЕАЭҚ-тың барлық елі үшін бірдей болады.
05 наурыз 2018 ж. 837 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930